Алматым менің – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Алматым менің» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1469
Аңсап келіп кім өзіңе бауыр баспаған,
Сендей қала бұл әлемнен табылмас маған.
Құшағыңда арманымен табысқан жастар,
Сенде тұңғыш махаббаттың әнін бастаған.

Қайырмасы:
Сен – сәулетім менің,
Сен – дәулетім менің,
Сен – жер бетіндегі жәннатым,
Ей, аяулы менің Алматым!

Көрген адам келбетіңе таңдай қағысқан,
Көшелермен қатарласып орман жарысқан.
Сағынышын ұлдарыңның арқалауменен,
Саған қарай самолеттер самғайды алыстан.

Қайырмасы.

Астанасың, жас қаласың арманға құмар,
Сенде менің маңдайымның жанған бағы бар.
Мұңаямын көңіліме көлеңке түсіп,
Арайланған аспаныңды шалғанда мұнар.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алматым менің өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Алматым менің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алматым менің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алматым менің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері