Қоңыр жел

Бұл бетте «Қоңыр жел» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 2477
Әндетіп құстар келгенде,
Қонғанда көлдерге,
Сені аңсап шықтым белдерге,
Емілден ескен қоңыр жел!

Қайырмасы:
Анамның әлдиі,
Даламның ән­-күйі,
Емілден ескен қоңыр жел!

Таң атып тұнық кеудемде,
Көктемді көргенде,
Жанымды желпі шерменде,
Емілден ескен қоңыр жел!

Қайырмасы.

Бұрымын гүлдер өргенде,
Жалықпа тербеуге.
Жүрегім саған шөлдеуде,
Емілден ескен қоңыр жел!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоңыр жел өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Қоңыр жел өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қоңыр жел өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қоңыр жел өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері