Егіздер – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Егіздер» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 4875
Текті ғана тартып туар негізге,
Жұбан-Жайық! Ұқсатам мен егізге.
Жұбан жырын санамызға сіңірсек,
Жайық барып құйып жатыр теңізге.
Орал таудан басын алса Жайығым,
Жұбан ақын өрге салды қайығын.
Жұбан-Жайық! Кіндігі бір алыптар,
Алып деген екеуіне сай ұғым!
Шымырлайды ұлы арнаның айдыны,
Секілденіп дауылпаз жыр айбыны.
Жұбанынан, сыңарынан айрылып,
Жайық көптен, Жайық көптен қайғылы.
Жайық суы аға берер мәңгілік,
Елдің шөлін, жердің шөлін қандырып.
Жұбан жыры болашаққа барады,
Жүректерде намыс отын жандырып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Егіздер өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Егіздер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Егіздер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Егіздер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері