Ауыл кеші

Бұл бетте «Ауыл кеші» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.10.2021
  • 0
  • 0
  • 863
Кеші қандай ауылды думандатқан,
Төсі қандай даланың жырлап жатқан.
Мамыр, Баян, Қыз Жібек – бәрі осында,
Мың бұралып үкісін бұлғаңдатқан.

Қайырмасы:
Ей, ауылым, ауылым,
Айналайын, бауырым.
Сырнайлатқан,
Нұр жайнатқан,
Тарқамасын сауығың!

Жарасымды жастардың сырласындай,
Жүрек назын шертеді гүл жасырмай.
Қозы Көрпеш, Төлеген, Қалқаманы –
Шаңырақтың шайқалмас тұлғасындай.

Қайырмасы.

Дархандық пен даналық дастанындай,
Дастарханы – береке бастауындай,
Тамылжыған әр кеші әнге толы,
Аспан бар ма ауылдың аспанындай?!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауыл кеші өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Ауыл кеші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауыл кеші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауыл кеші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері