Еске түсірейікші – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Еске түсірейікші» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2118
Тұнжырап жүруші еді дана жүздер,
(Қасірет көңілдерге салады іздер).
Қайысты қабырғасы қалың елдің,
Соларды көріп өскен бала - біздер.
Батысқа қариялар құлақ түріп,
Сұм соғыс сөндірді сан шырақты үріп.
Бір жесір бір жесірге көңіл айтты,
Қайғыдан өзі егіле жылап тұрып.
Оқудан кеш қалғанын сезіп кей күн,
(Ол кезде «Әліппе» көп кезікпейтін).
Сандықтан әке хатын алып шығып,
Көз ілмей әпкем таңға ежіктейтін.
Бәрі есте: көзден талай жас парлатып,
Өстік қой қиындыққа жастан қатып.
Пір тұтсақ сол кез дәннің бір түйірін,
Жүрміз-ау қазір нанды аспанға атып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еске түсірейікші өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Еске түсірейікші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Еске түсірейікші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Еске түсірейікші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері