Ау, құрбым – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Ау, құрбым» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1772
Биік таудың басында балқарағай,
Ауылым көшіп барады көл жағалай, ау, құрбым,
Жолы қиын жұмбақ тағдырдың.
Көшіп ауылың кеткенде таудан асып,
Болар екен тағдырдың әлдеқалай, ау, құрбым,
Қимасыңды қайда қалдырдың?

Қайырмасы:
Ахау, қимасыңды, қимасыңды, ау, құрбым,
Қимасыңды қайда қалдырдың?

Көшкен бұлттай ауылың бел асқанда,
Жарқырасын жұлдыздың көк аспанда, ау, құрбым,
Жолы қиын жұмбақ тағдырдың.
Биік таудың тұманы қалың келер,
Тап болғайсың сені іздеп адасқанда, ау, құрбым,
Қимасыңды қайда қалдырдың?

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ау, құрбым өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Ау, құрбым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ау, құрбым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ау, құрбым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері