Жауын жуса жүрегімді – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Жауын жуса жүрегімді» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 964
Ала бұлттан аспаным ашылғанда,
Мына әлемге алтын нұр шашылғанда,
Асқарыма алтын нұр асылғанда
Асыл арман ешкімге бас ұрған ба!
Көктемімді көздеймін жолға қарап,
Жүйрік пенен мінсем деп жорға қалап.
Менің күнім күркірер кез болар ма,
Жауқазынын жота мен жонға қадап.
Жай отына жанып ап жігерімді,
Жалынға сап жүруші ем жиі өзімді,
Найзағайым тағы да найза сілтеп,
Қуанышым төгілер көл-көсір боп,
Құрбым мені әкетер көлге сүйреп,
Пәк күлкіден шашамын меруерт-моншақ,
Қабақ шыта ешбір жан көрмесін деп.
Бұрымына қыздардың гүл өрейін,
Жігіттердің жанын жыр егейін.
Алабұртқан әкелші аспаныңды,
Нөсерлетіп, селдетіп жіберейін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жауын жуса жүрегімді өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Жауын жуса жүрегімді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жауын жуса жүрегімді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жауын жуса жүрегімді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері