Жайығым

Бұл бетте «Жайығым» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2750
Ешкімнен жасырмайтын уайымым бұл,
Бетіме бассаң да осы «айыбымды».
Кешірер мейірімі мол кәрі Атырау,
Сағынып жүрсем қазір Жайығымды.
Көктемде бір ерекше қайрат дарып,
Жататын толқындарың Айға «аттанып».
Арнаңнан аңтарылса адуын күш,
He мықтың жатушы еді жайрап қалып.
Жаз бен күз танытып бір сабырлылық,
Маңайды шулатпайсың дабыр қылып.
Айдының баяу ғана тербелетін,
Бір толқын бір толқынды сауырға ұрып.
Қыс келсе, ақ ұлпаға көмілесің,
Кәрілік - бір гұлама өмір иесі.
Сый етіп сағынышыңды жазғытұрым,
Арқырап Атырауға төгілесің.
Көрдім де тасқыныңды талаптандым,
(Жүруші ем мінезіңнің қалап бәрін).
Өзіңдей жомарт бола аламын ба,
Жайқалтқан шексіз егін танаптарын.
Мен үшін ыстықсың да, ұлысың да,
Тұра алман жүрегімнен жыр ұсынбай.
Еліне нәрін берген, барын берген,
Жайықтай болу керек дұрысында!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жайығым өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Жайығым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жайығым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жайығым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері