Татулыққа кезің жоқ көніспеген – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Татулыққа кезің жоқ көніспеген» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.10.2021
  • 0
  • 0
  • 761
Татулыққа кезің жоқ көніспеген,
Жан құпия... от сезім бөліскен ем.
Тәтті түстей өтеді еске түсіп,
Сәтті күндер махаббат өрістеген.
Жыр ма екенсің...
Сол күндер, ән бе екенсің?!
Нұр төгіліп, өмірді сәнді етесің.
Дос ниетпен махаббат өзің қидың
Қос жүректің аяулы ақ некесін.
Қазды қайтем аққулы көлде жүріп,
Жазды ұмыттым... сұлу күз өңдендіріп.
Соңғы деген, япырмау, сол екен ғой,
Құштарлыққа құнығып сөнген үміт.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Татулыққа кезің жоқ көніспеген өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Татулыққа кезің жоқ көніспеген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Татулыққа кезің жоқ көніспеген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Татулыққа кезің жоқ көніспеген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері