Қазақтың үш асылы

Бұл бетте «Қазақтың үш асылы» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сәбит, Ғабит, Ғабидендей алыптар,
Қазағымның сөз кестесін анықтар.
«Жұмбақ жалау», «Қарағанды», «Ұлпандар»
Жер-жаһанда мәңгі бақи шарықтар.

Қайырмасы:
Сәбит, Ғабит, Ғабиден,
Жанға намыс, ар үйген
Қазақтың үш асылы.
Қатарласқан қостары,
Мұхтар-аға достары
Жайлаған бір ғасыры.

Сәбит, десең Есіл, Көкше желі еспек,
Ғабит десең ғашық бейне кеңеспек.
Ғабиден мен Қарағанды егіздей,
Бәрінен де тұрар қазақ елестеп.

Қайырмасы

Үш теңізім, үш дария, үш тауым,
Басылмайтын үш бұрқасын, үш дауыл.
Ата-баба аруағы қолдаған,
Үш жайлауым, үш ардақты қыстауым.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақтың үш асылы өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Қазақтың үш асылы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақтың үш асылы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақтың үш асылы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері