Еділ баба, Тұмар ана ұрпағы – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Еділ баба, Тұмар ана ұрпағы» атты Жарылқасын Аманұлы жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Еділ баба,
Тұмар ана ұрпағы.
Атты арайлап,
Тәуелсіздік нұр таңы.
Ата-баба,
Ерлік жолын паш етер,
Бар әлемге,
Замананың бұл шағы.
Тәлімі жоқ,
Тас мүсінге табынып,
Өтті халық,
Іштей тынып қамығып.
Еділ баба,
Тұмар ана дидары,
Жатыр әлі,
Жеті қат жер жамылып.
Тау басынан,
Арнайы алаң жасатып,
Нар тұлғасын,
Мәрмар тастан қашатып,
Қояр болсақ,
Ұлы Баба,
Ұлы Анаға ескерткіш,
Әлемдік
Бар ғажайып осы артық.
Түбі текті,
Түркі деген халықтың,
Құдіретін
Осылай-ақ танытқын.
Қаратау мен
Алатаудың басына
Нар мүсінін
Қойып екі алыптың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еділ баба, Тұмар ана ұрпағы өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Еділ баба, Тұмар ана ұрпағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Еділ баба, Тұмар ана ұрпағы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Еділ баба, Тұмар ана ұрпағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері