Жан ерке – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Жан ерке» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1750
Сүйсінемін, жан ерке, мінезіңе,
Тартқандайсың әніңмен бір өзіңе.
Үлкен-кіші естісе таңырқаған
Өнегелі, үлгілі әр сөзіңе.

[Қайырмасы]
Ашық мінез, ақ маңдай,
Менмендік жоқ, еш қандай.
Сөзің алтын, күлкің наз,
Жайдары жүз, еркем-ай!

Ақылыңа көркің сай, ісің әрлі,
Бір өзіңдей болсашы жанның бәрі!
Күлкісі наз, сөзі бал жан ерке деп,
Аңыз еткен атыңды жас пен кәрі.

[Қайырмасы]


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері