Жалғайды – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Жалғайды» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2375
Қайда қоям алып-ұшқан көңілді,
Кемерінен асып, қанша төгілді.
Күнде көріп жүрген мына адамдар,
Менің ішкі жағдайымнан не білді?
Таң атпастан төсегімнен тұрамын,
Әр күніме жеке жоспар құрамын.
Жазылмаған сияқтанып бір жырым,
Айтылмаған сияқтанып бір әнім.
Жүрек шіркін тірлікті бұл қалады,
Осы ғана көңілімнің алаңы.
Шөберемді көрем деп айта алман,
Ал өлеңім болашаққа барады!
Бәзбіреулер жүрген кезде еліріп,
Бұл тірліктен кетем кейде жерініп.
«Caп, caп көңілім, сабаңа түс» деймін де,
Үйреншкті іске кетем жегіліп.
Біреулерге мансап қайғы, мал қайғы,
Жалған тірлік жан біткенді алдайды.
Ұрпағыма байлық тастап кетпеймін,
Арамызды жазғандарым жалғайды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғайды өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Жалғайды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалғайды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғайды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері