Сәлем бердік Шоқанға

Бұл бетте «Сәлем бердік Шоқанға» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1538
Лүпілін жүрек түсінді,
Тосқандай алда мол мұра.
Сан көрме бірге ұсынды
Бабалар өскен Омбыда.
Ақ парыз алып келгендей
Ертісте құтты қалаға;
Сағынып сәлем бергендей
Бас идік Шоқан данаға.
Көкірек қайтсін нұрланбай,
Өрбіді көңіл дауылы.
Қасымда бірге тұрғандай
Мен өскен Шоқан ауылы.
Алдында тағзым еткенім,
Төкті ғой жастай нұрын көп.
Көрініп тұрды мектебім,
Елестеп көзге Сырымбет.
Көңілге шаттық толды да,
Толқытты бей­жай тұрғызбай.
Көкшеде туып, Омбыда
Жарқ еткен сөнбес жұлдыздай!
Жеңіске іздеп мың тетік,
Мыңменен жалғыз жарысқан.
Оқыған жерін түрлентіп,
Қасқайып отыр данышпан.
Бір көруді расында
Армандап жүрдім жете алмай.
Көп тұрдық мүсін қасында,
Омбыға тастап кете алмай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәлем бердік Шоқанға өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Сәлем бердік Шоқанға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәлем бердік Шоқанға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәлем бердік Шоқанға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері