Өлең, жыр, ақындар

Білмейді­ау деп қорқамын...

  • 02.11.2021
  • 0
  • 0
  • 745
Ел байлығын талатқан
Ішінде жүрміз ортаның.
Жалғыз ғой,
Шіркін, Жаратқан,
Көрмейді­ау деп қорқамын.
Қапылыс емес жаңылыс,
Қажеті сол ма адамның:
Сатылу, ұрлау, атылыс...
Бейнесі болды заманның.
Бір елді бір ел ойрандап,
Жазықсыз жатыр жайратып.
Қаруға сенген тайраңдап,
Есерді қойды­ау сайратып.
Қалауын бермей халыққа,
Ептілер еркін жайлайды.
Жеткендер ірі байлыққа
Ақшамен аяқ байлайды.
Әккі қу мың­мың асайды­ау
Асырып айла­тәсілін.
Адам түгіл, жасайды­ау
Алладан да жасырын.
Жаратқан сыйлап нұрлы күн,
Ойласа ғалам мол қамын,
Жер беті кейбір сұмдығын
Білмейді­ау деп қорқамын.

18.08.2004.
Астана



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қазақтың асыл ұлы

  • 0
  • 0

Қазақтың асыл ұлы
Әбілқас Сағыновқа
Қазақтың көзін жұмды асыл ұлы,
Кәкімбек Салықов

Толық

Шалғайда құшты қара жер

  • 0
  • 0

Жар басында жапалақ
Өсектесе бүркітті,
Түлкі тыңдап тасалап,
Жасырын қағаз түртіпті.

Толық

Жалғызтау

  • 0
  • 0

Жалғызтау - Кәкімбек Салықов
Жалғызтау, сүйсем сені ғашығымдай,
Көкіректе шабыт селі жатыр тынбай.
Үңілем түйір тасқа үміттеніп,

Толық

Қарап көріңіз