Өмір жолым – менің үлкен байлығым – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Өмір жолым – менің үлкен байлығым» атты Кәкімбек Салықов жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1438
Өмір жолым – менің үлкен байлығым,
Көз ашқалы көкіректі жарды мұң.
Күлкім кейде көрінеді өзіме
Жыртығындай шапанының жарлының.
Жөні жоқ қой елден ерек шалқудың,
Әлегі артық ойлы мұңға балқудың.
Қам көңілді тазартуға тыңдаймын
Айдын көлде зарлы үнін аққудың.
Өңім салқын, қалың қасірет молынан,
Көкірек­теңіз толқын атар, толып ән.
Сондай кезде бар дертіме ем іздеп,
«Жезкиіктің» жанарына шомылам.
Тым ертерек түстім қайғы торына,
Әкені де ерте жұттым сорыма.
Қайран анам не көрмеді тірлікте,
Сол күндері қалам алдым қолыма.
Рахмет, Алла, ерте күннен баптадың,
Мұңнан шықпай, келді парыз ақтағым.
«Құлагерін» шырқай­шырқай Ақанның,
Қалың мұңын қайда жүрсем сақтадым.
Қаныш аға – менің байтақ әлемім,
Сәкен аға жаттап қалдым сәлемін.
Мағжан аға, мен өзіңнен үйрендім
Тойтаруды қалың қайғы әлегін.
Бақытты деп айтса біреу күлемін,
Тап он бес жыл Мәскеуде неге жүр едім?
Одақ құлап, елге есен жеттім­ау,
Сағыныштан жарылып кетпей жүрегім.

1992


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір жолым – менің үлкен байлығым өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Өмір жолым – менің үлкен байлығым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір жолым – менің үлкен байлығым өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір жолым – менің үлкен байлығым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері