Гүл – құбылыс ғажайып – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Гүл – құбылыс ғажайып» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Гүл – құбылыс ғажайып,
Үлбіреп тұрған сұлулық.
Лебінен жаның тазарып,
Нәр берер іңкәр жылулық.
Аяла, ару қуансын,
Рахатқа батып тынарсың.
Ғашықтық отын жандырар,
Арнайы бір гүл жұларсың.
Гүл – өмірдің жұпары,
Үн бермей иісі бұрқырар.
Легін ару жұтады,
Нәзік жан сонда құлшынар.
Алланың берген сыйы бұл,
Рахматы жауған нұрлы гүл.
Ғаламат деген осы ғой,
Алдыңда сүйсе гүлді гүл.
Гүл тосайын, жан қалқа,
Үкідей көзді арбаған.
Лаулаған иісін бір байқа,
Наз туар жүзің жайнаған.
Аңсаған көңілі бір тынсын,
Рахатқа жаны ұмтылсын.
Кездесуге гүл апар,
Ажары ынтық құлпырсын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гүл – құбылыс ғажайып өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Гүл – құбылыс ғажайып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гүл – құбылыс ғажайып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гүл – құбылыс ғажайып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері