Өлең, жыр, ақындар

Қазақтың асыл ұлы

  • 02.11.2021
  • 0
  • 0
  • 949
(Әбілқас Сағыновқа)

Қазақтың көзін жұмды асыл ұлы,
Жадында жатқан тұнып ғасыр мұңы.
Ұлы ұстаз, заңғар ғалым жүзі сөніп,
Жасыбай толқынындай басылды үні.
Көргенде елдің екі дүр асылын,
Күн қайда қызығып көз бұратұғын?
Эльбрус егіз шыңы сияқтанып,
Әбілқас, Евней бірге тұратұғын.
Қос шыңға қарай­қарай жүрдік шолып,
Екі көз қуанатын күндіз көріп.
Енді олар мәңгіліктен тұрақ тапты,
Аспанда сөнбес екі жұлдыз болып.
Тұрмайды­ау сайын дала сағымданбай,
Тынбайды­ау ажал қолда барыңды алмай.
Аттанды Әбілқас аға бақи жаққа,
Тимур мен жеңешемді сағынғандай.
Байқашы, сыңсып жатқан Нұра қандай,
Сұм тағдыр қатты соқты­ау сынағандай.
Жүз жасқа жеңгем болса жетер еді­ау,
Ол кетті жалғыздыққа шыдай алмай.
Өкініш батып кетпей толғағына,
Қараймын, аға, артта орманыңа.
Көз сүртіп шәкірттерің толғанып тұр,
Тәубе деп тоқсан бірге толғаныңа.
Жан аға, бірі едің ең іріміздің,
Бақылдық – бар тілегі тіріміздің.
Жырға орап әз бейнеңді ұмыттырмас,
Ізіңді суыттырмас ініңізбін.

29.09.2006.
Қарағанды



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кенже ініміз, көп жаса!

  • 0
  • 0

Кенже ініміз, көп жаса!
Бізге құт – әкелердің армандары,
Жалғаймыз артта есен қалғандары.
Кәкімбек Салықов

Толық

Ғашық кез

  • 0
  • 0

Ғашық кез
Ғашық кез – мезет,
Мезгілі жетіп нәр алдық,
Кәкімбек Салықов

Толық

Қазақтың үш асылы

  • 0
  • 0

Қазақтың үш асылы
Сәбит, Ғабит, Ғабидендей алыптар,
Қазағымның сөз кестесін анықтар.
Кәкімбек Салықов

Толық