Өмірзая – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Өмірзая» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3935
Жетіқарақшы — жеті жұлдыз,
Ақбоз, Көкбоз — екі жұлдыз,
Өмірзая жеке жұлдыз —
Жеті қайырып айтқан сауапты.
Біздің наным.

Қарақшылар жетеу екен санасам,
Ақбоз, Көкбоз айналасы ала шаң ...
Ілесем деп аққан жұлдыз ізіне
Ылғи — осы,
Жоқ іздесем адасам.
Секілденбей аласуан — арабшы,
Аяр жұлдыз, менен аулақ, әрі ақшы!
Ұрлап алған үлпілдегін Үркердің
Көз қысады маған Қыран қарақшы.
Жуықтатпай жолдас пенен жораға,
Мені қайда бастамады Жер — Ана.
Жұлдыз - сүрлеу алып келді қонаға,
Жапандағы жапа - жалғыз молаға.
Күзгі мезгіл.
Күн райы желкемді,
Мола ішінен шолдым көкті — өлкемді.
Тас төбемде қылыш құсап жарты ай тұр,
Аттап шықсам қиятындай желкемді. 
Ғаршағланы мекендеген Құдайша,
Қайтеді ақын, жалғыздықтан мұңайса?..
Сол мәурітте Өмірзая көрініп
Сырын маған айтты байғұс былайша:
"... Көп жұлдызбен иық теңеу не теңім? –
Туа сала қайта батып кетемін.
Өмір - Зая, Зая - Өмір, өйткені
Мың сан жұлдыз ішіндегі — Жекемін ..." —
Осыны айтып шықты даусы тасадан
Мола мынау — түндей тастан қашаған.
Көкірегімнен күбір шықты еріксіз:
"Жалғыздарға жар бола гөр, Жасаған!.."
Бұл тілекке үнін қосты қырдағы
Күз желінің уілдеген мұңды әні.
Бетін бұлтпен баса қалды сонда Аспан —
Осып кетіп нажағайдың тырнағы.
Аспан қаны миға тамып кірді есім ...
Қоңсы қылып өлілердің мүрдесін,
Өшіре алмай тас молада мен қалдым —
Көзге сіңген Жеке Жұлдыз Сүлдесін ...

1987ж. Құрық кенті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмірзая өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Өмірзая өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмірзая өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өмірзая өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері