Сыйла, қазақ, ардақта ақыныңды – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Сыйла, қазақ, ардақта ақыныңды» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1204
Сыйла, қазақ, ардақта ақыныңды,
Одан артық таппайсың жақыныңды.
Сатылуды білмейді, түлкілікті,
Білсе­дағы жазасыз атылуды.
Ақынды сүй, сүйгендей кең даланы,
Ойла, ағайын, аңғал жан неңді алады?
Ақыны жоқ ауылдың қызығы аз,
Бір тілегі өмірде кем қалады.
Жайма­шуақ адамнан үзбе күдер,
Жақсылықты жар салып тергенін көр.
Жаман жазса ақынды ардақтамас,
Жақсы өлеңін Құдайдың бергені дер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері