Жігерді жоқтау – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Жігерді жоқтау» атты Айтқали Нәріков‎ жазған жоқтау өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 4323
Арқалаумен келем әлі күйікті,
Ауыр салмақ жаншып жатыр иықты.
Қайсыңды қалайды екен бұл құдай,
Алады екен адамыңды сүйікті.
Ұлым менің, мұнша неге асықтың,
Өрлеп тұрған көңілімді жасыттың.
Қартайғанша неге күте тұрмайды,
Бұл ажалдан құтылады қашып кім?
Сабырлылық сақтағым-ақ келеді,
(Төзімімнің болар емес төлемі).
Орындалмас армандарың жанды жеп,
Түнгі ұйқымды жиі төртке бөледі.
Бала кезден шығып еді жақсы атың,
Биік еді алға қойған мақсатың.
Көз тиді ме, сөз тиді ме өзіңе,
Алла алама, көңіліне жақса кім?
Шешті тағдыр тілеуіңді бермеске,
Осылайша кете бардың, келмеске.
Еліңнің бұл еңселі ұлы боларын,
Түсіп жатыр, түсіп жатыр, енді еске...
Зор болашақ күтіп едім ұлымнан,
Гүлім болды ол тым ертелеу жұлынған.
Жақсы адамның қысқа болар ғұмыры,
Деген сөз бар келе жатқан бұрыннан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жігерді жоқтау өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Жігерді жоқтау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жігерді жоқтау өлеңі не туралы?

Бұл шығарма жоқтау өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жігерді жоқтау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері