Адалдық – Гульнази Назарова

Бұл бетте «Адалдық» атты Гульнази Назарова жазған адамгершілік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Өзгенікі бұған тиме дейміз біз балаларға,
Алу үшін,көру үшін рұқсат сұра.
Деп үйретеміз балаларды,
Тәрбиелеп адалдыққа.
Осы деп ойлаймын өз басым,
Өмірдің мәні-мағынасы да.
Ала жіпті аттама бұл жалғанда.
Ұрлық пен өтіріктен аулақ болғың,
Асар тауың, шығар шыңың биік болса да.
Адалдық көксегенім бұл жалғанда,
Болса деймін ұрпағымның ары таза.
Салынған шындықтың сара жолы,
Қалдырған өсиет етіп ата –баба.
Әділдік жолы ол жеке-дара,
Үлгі ол өссем деген әрбір жанға.
Ар –ұждан жоғары ол біле білсең,
Ту қылып адалдықты биік ұста!


Пікірлер (1)

Laila

Недеген күшті өлең

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адалдық өлеңінің авторы кім?

Гульнази Назарова — осы өлеңнің авторы.

Адалдық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адалдық өлеңі не туралы?

Бұл шығарма адамгершілік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Адалдық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар