Сағыныш сапары – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Сағыныш сапары» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сағынамыз... мұңаямыз... күлеміз...
Күткен бізді міне қайғы, міне күз!
Кету үшін жұлдызға ма? Айға ма?
Бәріміз де автобусқа мінеміз...
Бәріміз бұлт ішіндегі араймыз,
Санамызды тұманменен ораймыз.
Кейін тастап зулап жатқан уақытты,
Бәріміз де терезеге қараймыз...
Бәрін білген жан жоқ шығар туғаннан,
Шипа керек сезімдерге уланған.
Бұл өмірге қараймыз кеп тұманды,
Терезеге қараймыз кеп буланған.
Мөлдірейді жанарды жас жуғаннан,
Арулардың кірпіктері суланған.
Мүмкін, көктем келіп қалар хабарсыз,
Терезені сүртіп қойшы буланған.
Мұң шығады төсімді кеп қақсам бір,
Жанарлармен шағылысқан ақшам нұр.
Терезеден сырғанайды көз жасы,
Жүздерінен тайғанайды ақ жаңбыр.
Бәріміз де сағынамыз түнімен,
Жылаймыз кеп ақ жауынның үнімен.
Сағынайық жүрегімен құстардың,
Күрсінейік жетім күздің мұңымен.
Күз жайында шер тарқатып күнімен,
Көктем жайлы аңсаймыз ғой түнімен.
Сырласайық ақ қайыңның ойымен,
Сөйлесейік жапырақтың тілімен.

Жазға көктем, күзге бәлкім, қыс егіз,
Сарғаямыз... жабығамыз... үсеміз...
Жету үшін көктемге ме?.. Жазға ма?..
Бәріміз де автобустан түсеміз...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағыныш сапары өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Сағыныш сапары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағыныш сапары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағыныш сапары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері