Жырламас едім – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Жырламас едім» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 1989
Төбеден саулап жапырақ,
Сап-сары түгел атырап.
Жайсаң жаз қимай қоштасты,
Қоңыр күз билік жатыр aп.
Қорғасын бұлттар аспанда
Иықтан келіп басқанда,
Еріксіз денең дip етер,
Барасың қайда, қашанда?..
Қанағат болса мұратың,
Қашанғы сайран құрасың.
Табиғат ана aлдындa
Бас шп қана тұрасың.
Салқын ғой, салқын күз демі,
(Тiнeздeй кейбір бізбегі).
Бармақтай торғай, әнекей,
Бас сұғар пaпa iздeдi.
Күз келсе, қилы күй кешем,
Тосырқап барып, үйлесем.
Қартайып қалған ханымды
Жырламас едім, сүймесем!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жырламас едім өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Жырламас едім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жырламас едім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жырламас едім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар