Тірілгенін көрсең ғой тал-құрақтың – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Тірілгенін көрсең ғой тал-құрақтың» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 623
Тірілгенін көрсең ғой тал-құрақтың,
Жүгіргенін көрсең ғой бал-бұлақтың.
Таңымды алып келеді тау басынан
Жарқ-жұрқ етіп алтын жал арғымақ күн!
Өтіп бекер кетіпті-ау қайран уақыт,
Жаныма отыр өкініш ойлар батып.
Кім біледі, өмірдіқ заңы ма екен,
Тартқызатын азабын сайрандатып.
Амалым жоқ, төбені таудай көрем,
(Қайрылмайтын уақыт қандай керең?!)
Өткен күннің олқысын толтыра алмай,
Толқындардай дөңбекшіп аунай берем.
Жан-жүрегім ерегес, майдан алаң,
Қалай бәрін кезінде ойламағам?
Әрекетсіз уақытты өтіп кеткен
Кім қайтарар, білмеймін, қайдан алам?
Бұрынғыдан қарлығып қалыпты үнім,
Түске енбей жүр ақ әжем–жарықтығым.
Жан-дүниемді жайлаған тыныштықтан
Арашалап алсаңшы, шабыт, жырым.
Көктем болып гүлдесе бала көңіл,
Арашалап ажалдан алар елім.
Мен өмірдің өркендеп өсуі үшін,
Рахаты емес, азабын қалар едім.
Өкінішін өтіпті-ау Абай да айтып,
Алыстарды болжатқан абайлатып.
Аққан судай арнасыз өмірімнің
Толтырармын орынын қалай, қайтіп?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тірілгенін көрсең ғой тал-құрақтың өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Тірілгенін көрсең ғой тал-құрақтың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тірілгенін көрсең ғой тал-құрақтың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тірілгенін көрсең ғой тал-құрақтың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері