Көкек ананы кешіру – Ғайникамал Сәдуақасова

Бұл бетте «Көкек ананы кешіру» атты Ғайникамал Сәдуақасова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Көкек ананы кешіру

Апа сені көрдім ғой бірінші рет,
Айыптысың сондықтан түрің сүмек.
Жылағанда жанымда болмап едің,
Қарсы алдыңда отырмын күлімсіреп.

Дәрменсіз боп санамда сақталасың,
Өмір қиын түсін деп ақталасың.
Өз балаңды қоқысқа тастағанда,
Өзге керек қылсың ба жат баласын?

Өткен күннің ескегін есіп алдың,
Бала кезді неліктен есіме алдың?
Сені келіп қалар деп бар уақытым,
Күзетумен өтті ғой есік алдын.

Бақыт деген дүниені ұмыттырған,
Жетімдік қой өмірді шын ұқтырған.
Бөлшектерін құрайсың кешірімнің,
Көңіл әйнек бұрыннан сынып тұрған.

Кешпей сені алысқа шаба алмаймын,
Қанатымды сындырсам қаға алмаймын.
Меннен өзге перзентті сүйесің ғой,
Сен жалғызсың басқа ана таба алмаймын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкек ананы кешіру өлеңінің авторы кім?

Ғайникамал Сәдуақасова — осы өлеңнің авторы.

Көкек ананы кешіру өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкек ананы кешіру өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғайникамал Сәдуақасова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкек ананы кешіру өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар