Қайда барып, қайдан мен жай табармын – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Қайда барып, қайдан мен жай табармын» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 611
Қайда барып, қайдан мен жай табармын,
Қайырмасы болдың сен айтар әннің.
Алабұртқан көңілмен, адасып көп,
Қазығыңа қағылған қайта оралдым.
Көз алдымда сен тұрдың, бұла шағым,
Қанат жайып кеудеме құласа күн.
Сол бір күннің шұғылалы шуағымен
Оянамын, құлпырып, гүл ашамын.
Көрінер ме ем биіктен сен күтпеген,
Әлемге тән кеңістік кеңдікпенен.
Сүю деген ердегі ерлік дейді,
Табынамын дәл сондай ерлікке мен.
Көрмедің сен, тұрсам да көз алдыңда,
Өз алдыңда елеусіз тозаңмын ба?..
Көкжиегім, көзіңе түсу үшін,
Уақыттан осынау озармын ба?
Шуағыңа жанып жыр шақпағымды,
Тасытқанда жандағы от қанымды,
Көкірегіңе тартар ма ем қызыл-жасыл
Кемпірқосақ секілді соқпағымды...
Жалған жырым, өзіңсіз жалған әнім,
Ұйқыда өткен күніме таңданамын.
Сүйе тұрып өзіңді сүймей кеткен,
Нәзік сәулең таңдағы мен боламын...
Ықпал етер көңілге қас-қабағың,
Сыйлайтындай күлкіміз басқаға мұң.
Үкіміңді күткен бір айыпкердей,
Қарай алмай көзіңе жасқанамын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайда барып, қайдан мен жай табармын өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Қайда барып, қайдан мен жай табармын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайда барып, қайдан мен жай табармын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайда барып, қайдан мен жай табармын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері