Кеудеме сыйған сезім ағыны әрең – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Кеудеме сыйған сезім ағыны әрең» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 791
Кеудеме сыйған сезім ағыны әрең,
(Ағысты өтіп кетсе сағынар ем).
Ұмытып кеткен қара көздеріңе
Кездестім ойда жоқта тағы да мен...
Кімге енді орта жолда елігермін,
Келмейді оттай жанып тебіренгім.
Шоқ гүлдің ар жағынан сені көрдім,
От күннің бер жағынан мені көрдің...
Көзіме көзің қарар сырды бағып,
Отырдым бір қызарып, бір қуанып.
Тағы да, сүйікті арман, күйіп қалған
Қанатын жүрек құсым тұрды қағып.
Отырмын өтіп кеткен ойлап күнді,
Құштарлық қояды екен байлап тілді.
Жастықты қашықтап бір қайта оралған
Білгендей бүкіл дүние тойлап тұрды.
Келеміз шексіз-шетсіз күндерге еріп,
Неге біз бір тіл қатып үлгермедік.
Қос жүрек асығады, тікен емес,
Тұр біздің арамызды гүлдер бөліп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кеудеме сыйған сезім ағыны әрең өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Кеудеме сыйған сезім ағыны әрең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кеудеме сыйған сезім ағыны әрең өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кеудеме сыйған сезім ағыны әрең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері