Өлең, жыр, ақындар

Кеудеме сыйған сезім ағыны әрең

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 749
Кеудеме сыйған сезім ағыны әрең,
(Ағысты өтіп кетсе сағынар ем).
Ұмытып кеткен қара көздеріңе
Кездестім ойда жоқта тағы да мен...
Кімге енді орта жолда елігермін,
Келмейді оттай жанып тебіренгім.
Шоқ гүлдің ар жағынан сені көрдім,
От күннің бер жағынан мені көрдің...
Көзіме көзің қарар сырды бағып,
Отырдым бір қызарып, бір қуанып.
Тағы да, сүйікті арман, күйіп қалған
Қанатын жүрек құсым тұрды қағып.
Отырмын өтіп кеткен ойлап күнді,
Құштарлық қояды екен байлап тілді.
Жастықты қашықтап бір қайта оралған
Білгендей бүкіл дүние тойлап тұрды.
Келеміз шексіз-шетсіз күндерге еріп,
Неге біз бір тіл қатып үлгермедік.
Қос жүрек асығады, тікен емес,
Тұр біздің арамызды гүлдер бөліп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жеке шумақтар

  • 0
  • 0

Көзінен көкте бұлт жас парлатып,
Шаншылды бір қою бұлт асқарға тік.
Бет тосып қарсы алдынан тас бұлақтың,
Кеткендей қойынына аспан батып...

Толық

Қартайдым деп қайғырма, анам

  • 0
  • 0

Қартайдым деп қайғырма, анам,
Жаз күніне жай қарап.
Жыл қымтаған, ай ұрлаған
Жастығыңды – өткен сонау

Толық

Қабағын өмір түйеді көп

  • 0
  • 0

Қабағын өмір түйеді көп,
Дегендей-ақ кім күшті екен.
Өсектейді ол, «сүйеді» деп,
Сүю, сонша қылмыс па екен?.

Толық