Бала алдында көрінеміз баладай – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Бала алдында көрінеміз баладай» атты Қанипа Бұғыбаева жазған бала туралы өлең берілген.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 867
Бала алдында көрінеміз баладай,
(Үлкеннің бәрі бола да бермес, дана Абай).
Ашықтырмай мәңгілік жатқан асырап,
Жер деген ұлы жаны бар ортақ анадай.
Біз баламыз...
тірліктің тартқан бал, уын,
Ауырып қалып, таппаған дерттің дәруын.
Түршіктіріп, сілкінттік, қанша шошытып,
Сол анаға өзіміз жасап шабуыл.
Біз баламыз!..
басынан кетпес балғын шақ,
Уақыттың жүгін мойынға қойған тағдыр сап.
Қорқамын іштей, тартам ба деп зауалын,
Табиғатқа тыныш жатқан қол жұмсап.
Біз баламыз,
бесікте жатқан оянбай,
Мейіріммен уызға татқан тоя алмай,
Жер - ананың араша сұрап шыңғырған –
Жан айқайы жетпеді жанға, ой алла - ай!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері