Таң алдында – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Таң алдында» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 685
«Бәрі алдыңда» деді әжем бәрі алдымда,
Жүрек дертке, толмайды жанар мұңға.
Мен жанымды жыр жазып тазартамын,
Оқ аузында, тұрсам да дар алдында.
Әже, саған сенбей, мен кімге сенем,
Жоқшы едім ғой, үмітпен күл көсеген.
Өз дауысың оятып алмаса егер,
Қалғып-мүлгіп, меңіреу күн кешер ем.
Басым зеңіп, ауырлап, жаным налып,
Кеткен кезде айналам сағымданып.
Көкжиектен күлімдеп күнім шықты,
Көкірегіме үміттің шамын жағып.
Ақымаққа ақ әже, ақыл ұқтыр,
Жоқ нәрсеге кетпейін шатылып құр.
Көрерің көп, дегендей есік ашып,
Жұмбақ дүние қол бұлғап шақырып тұр.
Қымтанбайды гүлдерін жасырып қыр,
Гүлге аралар ұшқандай асығып бір.
«Жұлдыздардың қайсысын таңдайсың» деп,
Көк аспанның құшағы ашылып тұр.
Сәл нәрсеге шағылып, бүлінбеймін,
Қармағына қайғының ілінбеймін.
Шаласынан «наданның» түңілсем де,
Баласынан адамның түңілмеймін.
«Бәрі алдыңда» деді әжем, бәрі алдыңда,
Аян беріп, дауысы таң алдында.
Мен кетермін, жапырақтай жүрегімді,
Жыртығына тірліктің жамармын да...
Көп алдандым, сенбеске, сеніп бекер,
Қалмағандай еш қызық еліктетер.
Қайшыласқан бұл жарық дүниеге,
Жолаушы екем, мен де бір келіп кетер.
Ойларым су, су қалар, көбік кетер,
Көктем келер, маңайды көрікті етер.
Жаным ұшып шыққанда, көк аспанға
Жерге жұртым тәнімді көміп кетер...
Ояндым да, көрдім күн, ояу жерді,
Жер иесі, еске алдым аяулы елді.
«Бәрі алдыңда» деп маған таң алдында,
Ақ жаулықты ақ әжем аян берді...
Ояндым да, көрдім күн, ояу жерді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таң алдында өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Таң алдында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таң алдында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таң алдында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері