Біздің колхоз – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Біздің колхоз» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1857
(Үржар, «Тегісшілік» колхозында)

Біздің колхоз
Түгел дайын,
Күш күтеді
Күннің райын,
Екпінді алмақ
Науқан айын,
Құрал тегіс сайланған.
Көк машина —
Соқа, мала,
Тіліп тыңды
Сара-сара,
Талқан қылмақ.
Дала-дала, —
Қылш-қылш жүз қайралған.
Ертең дала
Күйге батар,
Қиырды ертең
Шуылдатар.
Машиналар
Қатар-қатар —
Барлық бенті майланған.
Көлік тасты
Жеміргендей,
Елік майға
Семіргендей,
Тізелерін
Кеміргендей
Жемге қатар байланған.
Бар күш іске
Қанат қомдап,
Майданға әзір
Бетін оңдап,
Біленгендей
Күшін сомдап,
Жатқан зат жоқ бетімен.
Екпін өтсін
3-ші егіс
Ұран «арта
Тұқым себіс»,
Колхоз әзір
Іске тегіс —
Бригада ретімен.
Бізге жоспар:
«Сонша жер ек»
Жоспарды ерте
Жайлау керек,
Әр қос алған
Жоспар керек,
Егістің әр бөлігін.
Әрбір қосқа
Белгіленген,
Жауапты етіп
Қылған шеген,
Өзіңдей күт
Оны деген,
Машина eгic көлігін.
Колхоз ісін
Өркендетпек.
Мың сан бөгет
Болса да өтпек,
Алдыңғыларға
тез жетпек, —
Салады ісін бәйгіге.
Колхоз күтеді
Команда үнді,
Егіске ә деп
Шығар күнді,
Түгел әзір
Айқын сынды
Социалды бәйгеге.

1931 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біздің колхоз өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Біздің колхоз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біздің колхоз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біздің колхоз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері