Күдік – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Күдік» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2526
Көз ілдірмей тағы да бір таң атты,
Қайдасыңдар, тың ойларым қанатты?
Ертелі-кеш ақ қағазга үңілтіп,
Ақындарды құдай солай жаратты.
Төңірегім тұрлауы жоқ құр елес,
Алға қойган мақсатым да ірі емес.
Таңдап алған жолым дұрыс, бұрыс па?
Ой-санамда жүріп жатыр бір егес.
Жазғандарым жалпы жұртқа керек пе,
He қалады, салар болса елекке.
Болмашыға көңілі толып жүретін,
Жан болдым ба деп ойлағын желөкпе.
Күннен күнге көбейіп түр күдігім,
Салмағы ауыр екен күмән жүгінің.
Өрем жетпес биікке қол создым ба?
Олай болса, бұл ақынга ірі мін.
Ағын сулар бастауынан тұнады,
Сарқылды ма өлең-жырдың бұлағы?
Күннен күнге қурап бара жатқандай,
Желкілдеген жанымнық жас құрағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күдік өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Күдік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күдік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күдік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері