Өлең, жыр, ақындар

Туған жерім – бар менің, барасың ба?

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 611
Туған жерім – бар менің, барасың ба?
Баламас ел баласын дара шыңға.
Аяулымның ізі бар, аяғымның,
Қосағаш пен Қасқажол арасында.
Жер көремін, демеймін, ел көремін,
Елімді ойлап, тебіреніп, тербелемін.
Жазылмаған ойлармен ауырам да,
Жазылған бір жырыммен емделемін.
Қайда жүрсем, кетпейді елім естен,
Жел өтінде шырақпын, жанып-өшкен.
Далалықпын, емеспін Мұқағали,
Хан-тәңірдің емшегін еміп өскен...
Кебегінен жазатын өлеңді елеп,
Қадыр менен Тұманбай менен бөлек.
Мен даламын... кеудеме бәйге қоссаң,
Қарар ел, «далам бұрын келер ме» деп
Өтті ғой, өтер әлі жүйрік нелер,
Бауыры құйын үйіріп, құйғып келер.
Аруақ маған түсімде аян беріп,
Ақ қағазға, «айт», «жаз» деп бұйрық берер.
Дертті сырын сеземін, емші сырын,
Жүрегіңмен емші, елге, берші шырын.
Адасқанды өлеңмен табыстырар,
Мен құдайдың жердегі елшісімін!
Ауырғанның мен де бір емшісімін.
Өзегінде өмірдің өзені ағар,
«Көкжайдақтың» ой-қырын кез, ағалар.
Ем қабылдап, жырымды оқу үшін,
Келер ұрпақ маған да кезек алар.
Үстіндемін, жер деген ұлы күштің,
Тас-түнегін тағдырдың тіліп ұштым.
Кез-келгенге көріне бермейтұғын,
Құпиямын, белгісіз құбылыспын,
Бағынатын еркіне ұлы күштің!...
Өмір сүріп аспан – жер арасында,
Балап өскем даламды дара шыңға.
Аунайтұғын... сыбаға даулайтұғын,
Туған жерім бар менің, барасың ба?
Балғын бала шағымның бәрі осында.
Барасың ба?...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көздер, көздер

  • 0
  • 0

Көздер, көздер күлімдеген күні бар,
Сол көздердің үнсіз тілін кім ұғар.
Осы көздің құдіретіне кезіксем,
Жол таппаймын басқа жаққа бұрылар.

Толық

Сұлу емен жұртты өзіне қаратқан

  • 0
  • 0

Сұлу емен жұртты өзіне қаратқан,
Бір сөз айттың, болып маған қарап, таң.
«Мүсініңді былш-былш ұрып балшықтан –
Жасағандай ерініп бір жаратқан».

Толық

Тыныштық – тынысым

  • 0
  • 0

Планета тынысы –
менің тынысым,
сенің тынысың.
Хабарсыз отырсам кетеді тынышым.

Толық