Түспей жүр сол бір бейне көптен еске – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Түспей жүр сол бір бейне көптен еске» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 789
Түспей жүр сол бір бейне көптен еске,
Шықпаппын көптен бері көк белеске.
Қалтылдап шыққан қыстан мынау ағаш,
Беймәлім, көктер ме, әлде, көктемес пе?
Көп болды, кездеспеппін отты елеспен,
Өмірдің ізі бар ма өткен, өшкен.
Маған да жастық болып, келсе көктем –
Мынау бір ақ қайыңмен көктемес пе ем?..
Бойдағы бар асылым ойға көшкен,
Қайда, сол құлын күнім, ойнап өскен?
Ұшып кеп баққа гүлді, «таң атқанда»,
Мынау бір бұбұлға ұқсап сайрамас па ем?
Көзімнен көкірегіме мұңым көшкен,
Уақыт өтіп жатыр білінбестен.
Жарысқан жол үстінде сәби күндей,
Ағаштар арасымен жүгірмес пе ем?
Кезегім келер қашан, құсым сайрап,
(Жүр бәлкім біреу маған тісін қайрап)
Аңсап бір ақ аспанын тазалықтың,
Тұрады сезімдермен ішім қайнап.
Мен қайдан туған жерсіз тамыр алам,
Көңілім елсіз бос үй қаңыраған.
Жетермін таудан құлап жағалауға –
Таласып, ақ толқындай жамыраған...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түспей жүр сол бір бейне көптен еске өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Түспей жүр сол бір бейне көптен еске өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түспей жүр сол бір бейне көптен еске өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түспей жүр сол бір бейне көптен еске өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері