Жанады үміт, сөнеді – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жанады үміт, сөнеді» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 548
Жанады үміт, сөнеді,
Сөнген жүректі тыңдар кім?
Өзімді тапқым келеді,
Құрбаны болған жылдардың.
Сұрапыл, тентек ой-дауыл,
Дауылға төтеп, шақ тұрам.
Сайраған жолым қайда бұл,
Айналам менің ақ тұман.
Өмірге келдім, гүлдендім,
Уақыттан басқа жоқ куәм.
Ағыстарына күндердің –
Айымды тас қып лақтырам.
Жолбарыс ойлар атылып,
Шулайды сезім,жыр қамыс.
Айғайлайтындай шақырып,
Ішімнен бұлдыр бір дауыс...
Бітпейтін шықтым жолға алыс,
Бұлдыр алдым, бұлдыр шың.
Оянған жаннан, ол дауыс,
Балалығым ба, кім білсін?
Тазалығым ба кім білсін?...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанады үміт, сөнеді өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Жанады үміт, сөнеді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жанады үміт, сөнеді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жанады үміт, сөнеді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері