Дауылды күнгі теңіз – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Дауылды күнгі теңіз» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 568
Қара,
Теңiз алабын
айбар шашып алқынған, –
құз-жартасқа соғады
лек-лек болып толқындар.
Соғады да тебiнiп
құрдымға ол батады...
Келесi лек бәрi бiр
шулап келе жатады.
Күрес жүрiп жатқандай
азаттықты аңсаған.
Соғып өткен шақтарда
күркiреп бiр жар салар.
Лебi шарпып бетiмдi
жүрегiме құйған мұң, –
ереуiлi секiлдi
Чили менен Иранның.
Көрген барлық азапты
бiр-ақ төгiп құярдай.
бұлқынады азаттық
арнасына сия алмай.
Кеудесiне мұң-қайғы
құяды кеп ашынып!..
Шағалалар шулайды
листовка боп шашылып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дауылды күнгі теңіз өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Дауылды күнгі теңіз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дауылды күнгі теңіз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дауылды күнгі теңіз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері