Өлең, жыр, ақындар

Тау өзені

  • 07.09.2018
  • 0
  • 0
  • 5156
Ағады тау өзені тасып — тулап,
Жатқандай толқындары тасты турап.
Тоғытып батар күннің балғын нұрын,
Жамырап жарысады тасқын шулап.
Ал түнде нәзік айды құшаққа алып,
Өркеші ақ шатырға ұсап қалып.
Жар төсін жата қалып тепкілесе,
Меруерт шашылады ұсақталып.
Тым сырлы күлкісі бар табылмайтын,
Мінезі бар басқаға табынбайтын.
Күледі, күбірлейді, гүрілдейді,
Жыры бар кеудеңе кеп дамылдайтын.
Шөліркеп келсем сусын қандырасың,
Көзімді мөлдіріңе талдырасың.
Мен саған келем жиі, тұрам қарап,
Қашан да терең ойға қалдырасың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қош, ана

  • 0
  • 0

Білмеймін, кеш пе еді, ерте ме еді,
Жас жаным кімге ұмсынып еркеледі.
Бақытын алыс кеткен іздей ме әлде,
Көңілім көп арманды шертеді енді.

Толық

Таң самалы

  • 0
  • 0

Теңіз ерте ұйқысынан оянды,
Толқын жүзі таң нұрына боялды.
Таң самалы тереземнен енгенде,
Көңіл қалай хош иісіне тоя алды.

Толық

Ақ аймақтың аруы

  • 0
  • 0

Кең дала!
Көк теңіздей көсіліпсің,
Не көрдім сол даладан,
Не сыр ұқтым?!

Толық