Бір көргеннен мен неге сүйіп қалам – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Бір көргеннен мен неге сүйіп қалам» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 705
Бір көргеннен мен неге сүйіп қалам,
Көңіл көзін оятып ұйықтаған.
Жанып жатсам, өртіне өкініштің,
Жарығынан бермейді ол қиып маған.
Сүйе алмайды, жан аяр, сүйікті адам,
(Ұялмайды.. намысы ұйықтаған?)
Шашыратқан көзінің ұщқынына –
Көбелектей соғылып күйіп қалам.
Бір көргеннен мен неге сүйіп қалам?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері