Мен сені, ойлап, іштей сүйген едім – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Мен сені, ойлап, іштей сүйген едім» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 903
Мен сені, ойлап, іштей сүйген едім,
Күйген ерін... біртүрлі күйге енемін.
Сыртыңнан ғашық болып, кездескенде,
Көзіңе қарай алмай, именемін.
Үзбеймін, үмітімді үзбе десең,
Көктем боп қарсы аламын күзде келсең.
Соңыңнан шырақ алып іздемеймін,
Астыңа тұлпар мініп іздемесең.
Өтінем, име маған өр басыңды,
Торғайың салмақ қалай торға шыңды?
Оңаша өзіңді ойлап өртенемін,
Балқытып кеудемдегі қорғасынды...
Жанымды жанарыңмен билеп едің,
Жалынға көбелектей күйген едім.
Сезімді дір-дір еткен сездіруге,
Бата алмай, қысыламын, именемін.
Оятса, шырт ұйқыдан шымшып кінәм,
Жел сүйген ақ қайыңдай сыңсып тұрам.
Десе де, «ғашық болу қылмыс емес»,
Кеудеме жүректі үнсіз тұншықтырам.
Жел сүйген ақ қайыңдай сыңсып тұрам...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен сені, ойлап, іштей сүйген едім өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Мен сені, ойлап, іштей сүйген едім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен сені, ойлап, іштей сүйген едім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен сені, ойлап, іштей сүйген едім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері