От салдың, ойда жоқта жолықтың да – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «От салдың, ойда жоқта жолықтың да» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 714
От салдың, ойда жоқта жолықтың да,
Өзгердің, өзіңді-өзің көріп тұлға.
Көзіңнің қыл-тұзағын үзіп шықтым,
Қалудан тұтқын болып қорықтым да.
Көрмей-ақ елесіңе күй ақтарам,
Алдыңда аласару ұят, маған.
Сұлулық! Туыс па әлде зұлымдықпен,
Құзға бір құлап кетер сияқтанам.
Сен солай, сағыныш сап, ашындырғын,
Жандырып жалынына жасын жырдың.
Көзіңнің тұзақ құрған мазағынан,
Өзімнің азабымнан қашып жүрмін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

От салдың, ойда жоқта жолықтың да өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

От салдың, ойда жоқта жолықтың да өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

От салдың, ойда жоқта жолықтың да өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

От салдың, ойда жоқта жолықтың да өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері