Сүйдім, рас... сүй деген соң өтініп – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Сүйдім, рас... сүй деген соң өтініп» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 667
Сүйдім, рас... сүй деген соң өтініп,
Өтінішің болды бірақ өтірік.
Жан-жүрегім күйіп-жанып күл болды,
Күл үстінде көп жыладым өкініп.
Жұбатқан боп, күлме маған өтірік.
Қолыңдағы бос шыныдай бос үміт,
Енді екеуміз сырласпаймыз шешіліп.
Өз жолында өліп қалған өзімнің
Елесіммен кездесемін шошынып.
Неге маған қолың создың кешігіп?
Алданған соң, амал бар ма, төземін,
Өтінуге, келді менің кезегім.
Өзгелермен өмірімді өткізіп,
Өзің десе өртенеді өзегім.
Ашып бәрін айтпай ақ қой, сеземін.
Құстай болып, қонып, ұшты талай бақ,
Түсім ауып, түсті келіп самайға ақ.
Өзге жанмен бірге тірлік кешіп мен.
Оңашада өлең жазам сені ойлап.
Оңашада өмір сүрем сені ойлап.
Жанып, сөндім, жанарыңның оты ұрып,
Бақыт, сор ма, неге болсын бекініп.
Ғашық болып өмір сүрдім деуші едім,
Сол өмірдің болғаны ма өтірік,
Соны сенен сұрайыншы өтініп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сүйдім, рас... сүй деген соң өтініп өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Сүйдім, рас... сүй деген соң өтініп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сүйдім, рас... сүй деген соң өтініп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сүйдім, рас... сүй деген соң өтініп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері