Мен – «ол» әйел емеспін – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Мен – «ол» әйел емеспін» атты Қанипа Бұғыбаева жазған әйел туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 817
Мен – «ол» әйел емеспін,
Тағдырға мойын ұсынам.
Білмеске бұлдыр, елеспін,
Білгенге қыздай қысылам...
Адамды мұңдас, сүйіп мен,
Тербедім жанын жырға орап.
Құладым кейде биіктен,
Төменге қарай сырғанап.
Жоғалсын, кей дос, жоғалса,
Көзімен жеп, мені ішкен.
Аман келдім, о, қанша,
Ажалдан қағып «періштем».
Жапалақ жайлап бағымды,
Көңілсіз тартты тірлігім.
Жоғалып бәрі...
жанымды,
Жалғыздық билеп жүр бүгін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен – «ол» әйел емеспін өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Мен – «ол» әйел емеспін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен – «ол» әйел емеспін өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әйел туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мен – «ол» әйел емеспін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері