Жолбарыстай мазам жоқ қамаудағы – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жолбарыстай мазам жоқ қамаудағы» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 667
Жолбарыстай мазам жоқ қамаудағы,
Кімнің күйіп, мен үшін жаны ауырады?
Бұлт астынан көрінген көк аспандай,
Күн тілеген көңілім жамау бәрі...
Біреуге ұнап, біреуге ұнамаймын,
Сезімге жүр сәулесі құлап айдың.
«Мені ғана көтеріп сүймедің», – деп,
Кімге өкпелеп, кімдерді кінәлаймын?
«Жақсы» деймін жандарға хал сұраған,
Хал сұраған, төзімді қамшылаған.
Көңілімнің күйі бір келген кезде,
Ақын болып, біресе әнші болам...
Жол тілеймін жолдасқа, қатарыма,
Қатарымнан хақым бар от алуға.
Қақпамды ашып қарсы алам кім келсе де,
Қарамаймын шапан мен атағына!..
Аты озғанға несіне кектенемін,
Таппай жүрмін көңілдің көптен емін.
Ағалардың назарын аударуға
Жүгіргенді жағынып жек көремін...
Сырларымды жыр айтсын, сезімімді,
Жылдар шыңдап келеді төзімімді.
Сайрағанға не жетсін сандуғаштай,
Іздеп тауып өмірден өз үніңді.
Өлең жазсаң жаныңмен шабыттанып,
Өз бағасын береді халық танып.
Мәңгі ғұмыр кешпеспін, мен де бір күн
Жанартаудай сөнермін жанып барып!..
Жанарымда үміттің оты жанар,
Бүгінімнің ертеңге хаты қалар.
Өмірімді білгісі келген ұрпақ,
Өлеңімнің жолынан оқып алар...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жолбарыстай мазам жоқ қамаудағы өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Жолбарыстай мазам жоқ қамаудағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жолбарыстай мазам жоқ қамаудағы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жолбарыстай мазам жоқ қамаудағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері