Қарақия – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Қарақия» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2718
Қара нардай қасқайып тұрасың да,
Бұйра бұлтқа «өркешің» ұласуда.
Жолаушыны жеткізбей шаршатасың,
Бір асудан жетелеп, бір асуға.
Оңға-солға жолыңды шарып,
Бірте-бірте кетесің биікке алып.
Жоғарыдан төменге қарағанда,
Қалар бір сәт өмірің тұйықталып.
Төзімімді сынауға бекідің шын,
Алда жеті асуың - жеті мүшең.
Тас қамалды осы бір aшy керек,
Жетібай мен Өзенге жету үшін.
Тастағысы келгендей ықтырып бір,
Құрмет етсін дегендей тік тұрып кел.
Шомбыл мүсін, шоң мінез Қарақия,
Маңғыстаудың өрлігін ұқтырып тұр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарақия өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Қарақия өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарақия өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарақия өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар