Уақыттың өте берсін ай, аптасы – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Уақыттың өте берсін ай, аптасы» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 590
Уақыттың өте берсін ай, аптасы,
Өмірдің біз емеспіз аяқ, басы.
Алаңсыз күлімсіреп шалықтаған,
Сәбиді ұйқыдағы оятпашы.
Періште болар оны сақтаушылар,
Жұлдыздан тамған жерге пәк тамшылар.
Мүмкін ол «гені» арқылы бабаларын,
Түсінде көріп, күліп жатқан шығар...
Хабарсыз дүние, мансап, тақтан да олар,
Ол үшін ешнәрсе де жоқ, таңданар.
Мүмкін бір көрер күнін, болашағын,
Алаңсыз көріп, біліп жатқан болар...
Білмейді тау көгкенін, тал өскенін,
Ағарып келеді есіп, таң ескегін.
Мен үшін бір құпия бар сияқты –
Жүзінде ұйқыдағы нәрестенің...
Анадан туғанына бұлданып ап,
Есейіп, өссін десең... жылдамырақ.
Мезгілсіз ойда жоқта оятпашы,
Жатқанда, бірде күліп, бірде жылап...
Жүзінде тазалық бар, осы ұққаным,
Кетеді ол жыласа, тасып қаным.
Түс көріп шалықтап бір ұйықтап жатқан,
Сәбиді жұлқылап сен, шошытпағын.
Тербеткен жер-бесікті ей, ақ таңдар,
Ақ сүтпен тұлғасын тұр бояп таулар.
Сәл сабыр, өз еркімен оянады,
Сәбиді ұйқыдағы оятпаңдар,
оятпаңдар!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Уақыттың өте берсін ай, аптасы өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Уақыттың өте берсін ай, аптасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Уақыттың өте берсін ай, аптасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Уақыттың өте берсін ай, аптасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері