Киіктің көзінде – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Киіктің көзінде» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 497
Көңілсіз көп күндерім өтер енді,
Жазықсыз бір сұлулық бекер өлді.
Сақталған музейдегі сұр киіктің
Көзіне көзім түсіп кете берді...
Жаққанда аспаныға отын әр күн,
Қалайша қашып кетпей қапы қалдың.
Адамның арылмайтын қасіретін
Киіктің көздерінен оқып алдым.
От ұшып тұяғынан уақыт талған,
Қас-қағым, болғаны ма бақыт, жалған.
Жас емес, жан тамшылап жанарынан –
Жанары қара тастай қатып қалған.
Өмір ме, өмірге бір шөлдемеген,
Бір кезде қыр қамшылап, жел жебеген.
Сұр киік бауырынан дала көшіп,
Көк аспан көздерінде дөңгелеген.
Белгілі ойрандалған Отырардан,
Тарихта қаталдың да аты қалған.
Осынау кербез керім сұлулықты
Кім екен, зұлымдықпен атып алған?
Тудың сен, ана киік қай анадан,
Табиғат алақаны аялаған.
Кектеніп кеттің бе екен, адамзатқа –
Тегі бір, бірін-бірі аямаған.
Сен үшін бәрі өтпелі, рахат, жалған,
Сияқты «ақырзаман» тақап қалған.
Құтылар қайда қашып, адам киік,
Өздері ойлап тапқан апаттардан.
Тартқандай таулар жылап, дала күйік,
Жаныма жанары тұр алау құйып.
Өлімге бірін-бірі қалай қиды,
Өмірде тағдыры ортақ адам, киік?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Киіктің көзінде өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Киіктің көзінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Киіктің көзінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Киіктің көзінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері