Арман, арман! – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Арман, арман!» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1077
Арман, арман!
қалғытпа, алға асықтыр,
Қанатымды қағайын таңға ашып бір.
Онтоғызыншы наурыздың жыр жаңбыры,
Жиырмасыншы наурызға жалғасып тұр...
Өмір солай, қырлан бір, қыр асырсын,
Иек сүйеп тауларға Күн асылсын.
Жұлдызымның көз жасы жауып көктен,
Шалғын билеп, деп тұр ғой, гүл ашылсын.
Мұңлы жаңбыр... жауып тұр, тоқтамасын,
Тоқтамайды дыбыстар көкте адасқан.
Жер-ананың жайқалып күлуі үшін,
Жұбана алмай, жылап тұр, көкте, аспан.
Дүние түгел, тыңдасам, әнші бәрі,
Төгіледі тағы да таң шуағы.
Жуып-шайып барады жердің бетін,
Жаңа жылғы - жаңбырдың тамшылары.
Арман, арман! сыйлашы жанға жалын,
Тіршіліктің көрсетпе енді азабын.
Наурыз көже беруге, жаңбыр жауып –
Толтыра алма жатқандай Жер, қазанын...

20/III – 2001 ж


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арман, арман! өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Арман, арман! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арман, арман! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арман, арман! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері