Мазаламайын – Қасен Мөлдір Жұмабайқызы

Бұл бетте «Мазаламайын» атты Қасен Мөлдір Жұмабайқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мазаламайын жүректе сезім, жүзімде мұң жатса да
Бақытты болғын, бақытты қылар жат қана.
Мазаламайын, мазалауға хақым жоқ
Жүрегім жылап, қайтар деп маған жатса да.

Намыс жібермейді, намысты қыз боп өскенмін
Қайта келмейді, қайтарылмасын өткенім
Шабытым келіп, өлең жазып мен отырмын
Бірақ та, бірақ жылауға да хақым жоқ менің.

Жамандығы жоқ, Асыл жан дегенін- махаббат
Қызығы мол, қуанышы мол махаббат
Талай ақынды жырлатқан да, жылатқан да махаббат
Бар адам сезген, бар ұрпақ және бар санат

Сезінгеніне шүкір етемін, жүректің менде барына
Арым жібермейді қайтаруға да, баруға
Мазаламайын, мазаламайын мен сені
Уәде бергін сен мәңгілік бақытты болуға


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мазаламайын өлеңінің авторы кім?

Қасен Мөлдір Жұмабайқызы — осы өлеңнің авторы.

Мазаламайын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мазаламайын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасен Мөлдір Жұмабайқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мазаламайын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері