Өмір – Қасен Мөлдір Жұмабайқызы

Бұл бетте «Өмір» атты Қасен Мөлдір Жұмабайқызы жазған өмір туралы өлең берілген.

Толқындаған мына өмірдің тасқынына шыдамай,
Тәлтіретіп жібереді кей-кездері сын ұдай.
Сабыр қылып шыдауға да көнбейді
Бұл өмірден өте алмассын жыламай.

Бір белесті өткерсен де ескеріп,
Келесіне әлің құрып тұрады-ай.
Өмір деген бір қуаныш, бір бақыт
Кейде.. кейде тұра алмайды сынамай.

Уақытпенен өлшенетін бұл өмір,
Бақытпенен толықтырып тұрады-ай.
Қайғы-мұңдар қысқанында тақымға
Суырылып шыға алмайсын... Құламай.

Бір Алладан сабыр сұра, медет қыл
Өмір сынап тұрғанында.. Ұнамай...
Бұл фәниден кете алмайды ешкім де
Қуаныштан, қайғыдан да жыламай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Модератор

Авторы өзіңіз болсаңыз - авторы өзім - дегенді таңдаңыз.

Осы автордың басқа өлеңдері